Теннис: Шведова Ролан Гаррос турнирінің бірінші айналымынан аса алмады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парижде өтіп жатқан Франция ашық чемпионаты - Ролан Гаррос турнирінің бірінші айналымында Қазақстанның екінші, әлемнің 45-інші ракеткасы Ярослава Шведова Украина елінің өкілі, дүниежүзілік рейтингте алтыншы орында тұрған Элина Свитолинамен күш сынасты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.