Мавритания Президенті биыл күзде Астанаға ресми сапармен келеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президентінің Арнайы уәкілі - Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Камалдинов Нуакшот қаласында Мавритания Президенті Мохаммед Ульд Абдель Әзиздің ресми резиденциясындағы қабылдауында болды.