1929-1930 жылдардың өзінде «Алаш» қозғалысының 44 мүшесі жауапқа тартылды - Светлана Смағұлова
ОРАЛ. ҚазАқпарат - 1929-1930 жылдардың өзінде "Алаш" қозғалысының Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхаметжан Тынышбаев, Жақып Ақбаев бастаған жетекшілері мен мүшелері тұтқындалды. Осы жылдар аралығында «Алаш» қозғалысының 44 азаматы жауапқа тартылды. Бұл туралы бүгін Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында өткен «Алашорда» қозғалысы: қазақ мемлекеттілігі идеясының дамуына ықпалы» атты Алашорданың 100 жылдығына және Батыс Алашорда көсемдерінің қызметтеріне арналған ғылыми-тәжірибелік конференциясында Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты директорының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы Светлана Смағұлова мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.