ОҚО-да 800-ден астам сотталушы тұрақты жұмыспен қамтылды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында 807 сотталушы тұрақты жұмыспен қамтылды. Бұл көрсеткіш күнгейдегі жазасын өтеушілердің 77,5 пайызын құрап, республика бойынша екінші орынға тұрақтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.