Астанада салмағы 3,5 тоннадан жоғары жүк көлігінің қозғалысы шектеледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қаладағы өндірістік аймақтардан бөлек, 7 маусымнан 12 қыркүйек аралығында сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін салмағы 3,5 тоннадан астам барлық жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.