Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейіп, жаңбыр жауады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 маусымда Қазақстанның басым бөлігіне антициклон әсері етеді, соған байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты найзағайлы жаңбыр күтіледі, жел күшейеді. Тек елдің батыс және оңтүстік өңірлерінде ашық ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.