Астана Опера жаңа Гала-балет бағдарламасын әзірлеуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана Опера» балеттік труппасы жаңа Гала-балет бағдарламасын дайындауда. Елордалық театрдың жарқыраған әртістер құрамы, сонымен қатар украиндық және беларусиялық театрлардан шақырылған солистер - Эллина Походных және Константин Героник 25 қаңтарда «Астана Опера» театрының Үлкен залында өнер көрсетеді.