Қиыр Шығыста ер адам пойыз вагонын өртеп жіберді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Комсомольск-на-Амуре қаласында көлік прокуратурасы жолаушылардың біріне қатысты қылмыстық істі сотқа бағыттады. Ол пойызда еденге төгілген спиртті өртеп жіберген. Осылайша вагон мен өзге жолаушылардың мүлкі отқа оранды.