Украинаның үш жауынгері Донбаста оққа ұшты
Украина әскерилері ел шығысында болған қақтығыстарда үш жауынгерінің мерт болып, төртеуі із-түссіз жоғалғанын хабарлады. Қаңтардың 11-і күнгі Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Ресей қолдайтын сепаратистер пулемет, гранатомет, минаметтен оқ атып, бірнеше рет оқ атуды тоқтату туралы аралық келісімді бұзған. Сепаратистер де Украинаның оғынан екі бейбіт тұрғын жараланғанын айтады. Украинаның шығысында Киев күштері мен Донецк, Луганск облыстарын басып алған Ресей қолдайтын сепаратистер арасында... Читать дальше...