(Қазақша) Қайыржан ТӨРЕЖАН. Жеңіс-70. Кебенек киген келеді…
Ұлы Отан соғысының аласапыранында миллиондаған адам із-түзсіз жоғалып, хабар-ошарсыз кетті. Олардың тағдыры қалай болғанын ешкім білмейді. Әсіресе соғыстың алғашқы айларында тұтқиылдан тап берген жаудың соққысынан қаза тауып, сүйектері жау басып алған жерде қалды. Ондайлардың басына белгі де орнатылған жоқ. Біреулері немістерге беріліп, концлагерьлерде қаза тапты, аман қалғандардың біразы соғыс аяқталғаннан кейін аты-жөндерін өзгертіп Еуропада қалды. […]