Шығыс Қазақстанда алтын фабрикасын салуға қарсылық білдірген тұрғындар жазаланды. || Алматыда Қаңтар көрмесі ашылды. Онда құрбандардың суреті мен азаптау символына айналған үтік қойылған. || Атырау облысы Құлсарыда көпқабатты үйлер де тасқыннан зардап шеккен.
Грузия парламенті мыңдаған адамның қарсылығына қарамастан «Шетел ықпалының ашықтығы туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Полиция ғимарат сыртында наразылық білдіріп тұрған адамдарға күш қолданған.
Орал қаласы маңында үйлерін су басқан «Комарова» саяжайының тұрғындары далада қалдық деп уайымдайды. Кейбірі пәтер жалдап жүргенін, ас-ауқат табудың қиындағанын айтады.
Атырау облысы Құлсары қаласында үш мыңға жуық жеке жер үйлерден бөлек көпқабатты үйлердің жертөлесі мен бірінші қабаттарын да су алған. Қала ортасындағы тозығы жеткен бірнеше көппәтерлі үйдің тұрғындары Азаттық тілшісіне тасқыннан кейін баспанасына кіре алмай отыр.
Алматыда Қаңтар оқиғасының құрбандарын еске алатын JAD атты көрме өтіп жатыр. Оны дүрбелең кезіндегі жапа шеккендер мен қаза тапқандар ісін құжатқа түсірген құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина мен суретші Асхат Ахмедияров ұйымдастырған.