Ақтөбе өңіріндегі тасқын: Берсиев ауылы халқы екі күн мектепте көмек күтті
Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Шығанақ Берсиев атындағы ауылдағы бөгетті тасқын су бұзып кеткен. Су басқан ауылда жүздеген адам суық мектепті паналап, екі күн көмек күткен. Үйі мен қорасының шатырында қалғандар да бар дейді тұрғындар. 30 наурызда оларға үш тікұшақ пен төрт қайық барған. Құтқарушылар әуелі қарт адамдарды, балалар мен жүкті әйелдерді әкеткен. Азаттыққа Берсиев ауылы тұрғындары жіберген суреттерді назарыңызға ұсынамыз.