Су тасқыны кезіндегі коммуникация: ақпарат министрінің ескертуі орынды ма?
Қазақстанда елді мекендерді су алып, президент Қасым-Жомарт Тоқаев жауапты тұлғалармен шұғыл жиын өткізген тұста ақпарат министрі Аида Балаева жұртты жалған жақпарат таратпауға шақырып, ондай адам "жауапқа тартылады" деді. Министрдің бұл мәлімдемесі әлеуметтік желіде сынға қалды. Шенеунік сөзін журналистер де құптамады.