Солтүстікке көш. Қоныс аударғандар неге сапасыз үйге тап болады?
Солтүстік өңірлерге көшті ынталандыру мақсатында үкімет берген тұрғын үйлердің сапасына шағым айтатындар көп. Жергілікті билік олқылық барын мойындайды. Сарапшылар әлеуметтік маңызы бар бағдарламаларды іске асыруда ашықтық жоқтығы мәселенің ушығып кетуіне жиі себеп болады дейді.