"Көктем келсін, көре жатармыз". Тасқынның алдын алуға болар ма еді?
Қаза тапқан, хабарсыз кеткен адамдар, эвакуацияланған мыңдаған тұрғын, тұтасымен суда қалған елді мекендер, суға кеткен сансыз үй жануары мен қыруар шығын – Қазақстанда биыл көктемде халықты әбігерге салған және әлі де жалғасып жатқан тасқынның зардабы осындай. Оның алдын алуға болар ма еді? Азаттық осы сұраққа жауап іздеп көрді.