"Сенуден қалдық". Су басқан Құлсары халқы жергілікті билікке неге наразы?
Ресми дерек бойынша, Атырау облысы Жылыой ауданында тасқын қаупіне байланысты 28,5 мыңнан астам адам эвакуацияланған. Аудан орталығы Құлсары қаласынан кейінгі үш күнде 18 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілген. Қалада 2600 жеке үй мен әкімшілік ғимарат суда қалған.