Геннадий Головкин әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекке шығу құқығын алды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Геннадий Головкинге әлем чемпионы титулы үшін жұдырықтасу құқығы берілді. Бұл туралы Халықаралық бокс федерациясы (IBF) орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко арасындағы жекпе-жекті өткізуге рұқсат бергеннен кейін белгілі болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «SPORTINFORM» САА сілтеме жасап.