27 наурыз күнгі ауа райы болжамы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 27 наурыз күні еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталып, жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жаңбыр, оңтүстіктің таулы ауданында қатты жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі болжанады. Солтүстікте, солтүстік-батыста, орталық пен шығыста сондай-ақ жаяу бұрқасын соғып, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады. ҚазАқпарат бұл туралы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.