Канадада орман өртіне байланысты төтенше жағдай жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Канаданың батысындағы Альберто провинциясының 25 мыңға жуық тұрғыны 100-ден астам орман өртінен қашып, үйлерін тастап кетті. Билік өкілдері «бұрын-соңды болмаған дағдарыс» туралы айтып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.