Нейрохирург Талғат Бекенов: Әр адамның денсаулығы — өз қолында
Ақмола облыстық көпсалалы ауруханасының нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер, нейрохирург Талғат Серікұлы Бекенов 18 жыл медицина саласында еңбек етіп келеді. Осы санаулы уақыттың ішінде жанына дауа, деніне шипа іздеп келген науқас жандардың сауығып кетуі үшін бар қажыр-қайратын, білімін, адал еңбегін, ақ пейілін арнаған ақ халатты абзал жан өз жұмысы туралы айтып берді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.