Әр отаның жауапкершілігі зор - қызылордалық хирург
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Сырқаты жанына батқан талай науқасты ажалдан арашалап алып қалған хирург мамандары «Қолы алтын дәрігер» деп жатады. Жауапкершілігі өте үлкен дәрігер мәртебесі биік болуына үлкен үлес қосып жүрген мамандық иелері қандауырдың жүзімен дерті жанына батқан қаншама адамның алғаусыз алғысына бөленді. Осы орайда Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасында хирург қызметін атқарып жүрген Әсет Әбутәліпұлы Жалмағанбетовті әңгімеге тартқан едік.