Оңтүстік Кореяның ірі ауруханаларында 8 мыңнан астам дәрігер жұмыстан кетті
АСТАНА. KAZINFORM – Сеулдегі бес ірі ауруханада ота жасау тоқтатылды және кейінге қалдырылды. Бұған тағылымдамадан өтуші дәрігерлердің 70%-дан астамы медициналық оқу орындарындағы студенттер санын көбейту жоспарына наразылығы себеп болды, деп хабарлайды Yonhap.