Қанат Бозымбаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары – Су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру және қарғын су жүру кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штаб басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды. Атап айтқанда, төтенше жағдай жарияланған Амангелді, Жангелді аудандары мен Арқалық қаласындағы жағдаймен танысты, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.