Павлодарда «ҚазАвтоЖол» филиалының директоры сотталды
ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Павлодарда мердігерден 4 млн теңге пара алған «ҚазАвтоЖол» филиалының директоры сотталды. Ұйым бөлімшесінің бас маманы оның сыбайласы болғаны анықталды. Екеуі автожолға қызмет көрсетуші фирма басшылығын қорқытып, ірі көлемде ақша талап етіп келген.