Зейнет жасына жеткен Тимур Қарағойшин вице-министр қызметінен босатылды
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Тимур Жиенбайұлы Қарағойшин зейнет жасына толуына байланысты өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.