Бішкек: COVID-19 эпидемиясы басталғалы елге 20 мың қырғыз азаматы оралды

Коронавирус індеті басталғалы Қырғызстанның 20 мың 638 азаматы шетелден оралды. Бұл туралы Қырғызстан сыртқы істер вице-министрі Нұран Ниязалиев мәлімдеді. Оның сөзінше, қырғыз азаматтарын еліне қайтару жұмысы жалғасып жатыр. Бұл іске елдің шетелдегі барлық елшілігі мен консулдығы жұмылдырылған.


Қырғыз азаматтары Ресей, Қытай, Түркия, Үндістан, Қазақстан, Таиланд, АҚШ, араб және Еуропа елдерінен оралып жатыр.


Наурыздың соңында коронавирус пандемиясына байланысты шекаралар жабылып, көптеген қырғызстандық отанына оралып үлгермеді.


Өткен айдың соңында Ресей баспасөз құралдары Орынбор облысының Қазақстан шекарасына жақын Соль-Илецк қаласында мыңнан аса қырғыз мигранты еліне қайта алмай отырғанын хабарлаған. 6 шілде күні Қырғыз билігі 963 азаматының Соль-Илецктен Қазақстан арқылы оралғанын мәлімдеді. Оларды 20 автобуспен әкелген. Бұдан өзге 533 азамат жолда болған.


Мамыр айының басында Қазақстан арқылы 540 қырғызстандық еліне қайтқан. Елге келген соң, жүзге жуығында ПТР талдауы оң нәтиже берген. Қырғыз азаматтарының тағы бір тобы мамыр айында еліне жетті. Ол кезде Орынборда 500 қырғыз және өзбек азаматы тұрып қалған. Олар екі апта бойы Ресей мен Қазақстанды байланыстыратын жолдың бойындағы палаталы лагерьде түнеген. Ол кезде ресми Нұр-Сұлтан тасымалдау дәлізін мигранттар мінген автобус Қазақстан территориясында тоқтамауы тиіс деген шартпен ашқан болатын.


Қазақ-орыс шекарасына келгендердің көбі – еңбек мигранттары. Олар коронавирус эпидемиясы мен соған байланысты енгізілген карантиннің салдарынан жұмыссыз қалған. Олардың барлығы дерлік еліне ұшып кетпек болған. Алайда Ресей 30 наурыздан бастап шекарасын жауып, халықаралық әуе қатынасын тоқтатып тастады. Олар жерүсті көлігі арқылы жетуге бел буған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Соль-Илецке

Ria.city
Музыкальные новости
Новости Оренбургской области
Экология в Оренбургской области
Спорт в Оренбургской области
Moscow.media






Топ новостей на этот час в Соль-Илецке и Оренбургской области

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *