Сургуттың үстінен метеоритке ұқсас зат ұшып өтті
МАНСИЙСК. ҚазАқпарат - Сенбі күні кешкісін Сургут пен Нефтеюгансктың әлеуметтік желі пайдаланушылары аспанда ұшып бара жатқан жарқыншақтардың видеожазбасын таратты. Тұрғындар бұл құбылысқа қатысты әртүрлі болжамдар келтірді. Олардың ішінде метеорит құлады немесе ғарыш ракетасы ұшты деген болжамдар да болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.