Украинада сыған лагеріне шабуылдан адам өлген
Полиция бұл оқиғаға қатысы бар деген күдікпен жеті адамның ұсталғаны туралы хабарлады.
Маусымның 7-і күні ұлшылдар Киевтегі Голосеев саябағындағы сығандар лагерін ойрандап кеткен еді. Мамыр айында Тернополь облысындағы лагерьді өртеп жіберген болатын.
Бұған дейін, өзін С14 әсіреұлтшылдар ұйымының үйлестірушісі деп атайтын Сергей Мазур сығандар лагерлеріне шабуылдар ұйымдастыруға шақырып, мәлімдеме жасаған. АҚШ пен халықаралық құқық қорғау ұйымдары Украинаны сығандарға қарсы жасалған шабуылдарды тергеуге шақырған.