Ақтөбе облысында тағы бір жолды су басу қаупі бар: Әкім шұғыл тапсырма берді
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Алға және Темір аудандарына барып, су тасқыны қаупі басым аумақтарды қарап шықты. Су шайып кетуі мүмкін жолдарды қарап, бөгетті бекітуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.