Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Марко Поло және София: Астанада екі жаңа көшенің атауы бекітілді

Астананың Нұра ауданында жаңа көше атаулары пайда болады. Мұндай шешімді қала билігі қабылдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Елорда әкімдігінің қаулысымен жобалық атауы Е-754 көшесіне София есімі беріледі.
Бұған дейін атауы болмаған, Тұран даңғылынан Қабанбай батыр даңғылына дейінгі "Астана Арена" стадионы мен "Алау" мұз айдыны сарайының арасында орналасқан тағы бір көшеге Марко Поло есімі беріледі.
Видеодан скриншот/мұрағат
Шешім қабылданғаннан кейін Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына барлық қажетті рәсімдерді жүргізу тапсырылды.
Атап айтқанда, құжат Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жіберіледі, ал ресми жарияланғаннан кейін Астана әкімдігінің сайтында орналастырылады.
Жаңа атаулар құжат алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң өз күшіне енеді.
Көше атаулары немен байланысты
Еске сала кетейік, бұған дейін Астана қалалық Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп көшелерге неліктен дәл осындай атаулар берілетінін түсіндірген болатын.

"Қыркүйек айында Қазақстанға Италия Президенті ресми сапармен келді. Осы кездесу барысында Мемлекет басшысы Астананың орталық көшелерінің біріне Марко Поло есімін беру туралы нақты тапсырма берді", - деген болатын ол 2025 жылдың қарашасында.

Шенеуніктің айтуынша, әйгілі жиһанкез Марко Поло Еуразия халықтарының тарихын зерттеуге елеулі үлес қосып, қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген бабаларымыз туралы маңызды мәліметтер қалдырған.
Ал Е-754 көшесіне Болгария астанасының құрметіне София атауы берілді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *