Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ұлттық банк басшысы Қазақстанда несиелер қашан арзандайтынын айтты

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов реттеуші несие мөлшерлемелері төмендейді деп күтетінін мәлімдеді. Ол бұл жағдайдың неге базалық мөлшерлеме төмендеген бойда бірден жүзеге аспайтынын және қарыз алушылар өзгерістерді қашан сезінетінін түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Несиелер қашан арзандайды?
Бүгін Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 16,25-тен 15,75 пайызға дейін төмендетті. Базалық мөлшерлеменің төмендеуі банктердің қолданыстағы қарыздар бойынша шарттарды лезде қайта қарайтынын білдірмейді.
Алайда, Тимур Сүлейменовтің айтуынша, реттеушінің шешімі бәрібір азаматтар мен бизнес үшін несие құнына әсер етеді.
Ұлттық банк басшысының айтуынша, ақша-несие саясаты белгілі бір уақыт аралығында әсер етеді: әдетте нарықтың реакциясы 9 айдан 12 айға дейінгі уақытты алады.

"Бұл банктердің несиелік келісімшарттарын бірден қайта жазуға кірісетінін білдірмейді. Оларда бұрын бекітілген мөлшерлемелер бойынша шарттар қолданыста. Олардың мерзімі аяқталған сайын шарттар қайта қаралатын болады. Қарыз алушылар: "Бұрын біз 17–18 пайызбен алған едік, енді мөлшерлеме төмендеді – 15–16 пайызбен алайық" дей бастайды. Бірақ келісімшарт күшінде болғанша, онда көрсетілген талаптар қолданылады. Бұл мөлшерлеме көтерілгенде де, төмендегенде де екі жақты жұмыс істейді", – деп түсіндірді Тимур Сүлейменов.

Реттеуші басшысы қарыздардың арзандау тенденциясы қазірдің өзінде байқалып отырғанын атап өтті: жыл басынан бері экономикадағы несиелер бойынша орташа мөлшерлеме шамамен 1 пайыздық тармаққа төмендеген.

"Төмендеу бәрібір болады және біз оны күтеміз. Оны қашан көре алатынымызды мен түсіндіріп өттім", – деді Ұлттық банк төрағасы.

Бұл ретте Сүлейменов банк несиелері бойынша мөлшерлемелер базалық мөлшерлемеге қарап төмендейтінін, бірақ оған тең болмайтынын қадап айтты.
Еске салайық: Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 50 базистік тармаққа – жылдық 15,75 пайызға дейін төмендетті. Базалық мөлшерлеме банктердің қандай пайызбен несие беретініне және депозиттер қабылдайтынына әсер етеді. Мөлшерлеме төмендегенде, уақыт өте келе несиелер арзандап, ал депозиттердің табыстылығы азаюы мүмкін. Тұрғындар мен бизнес қарызға ақша алуға және оны жұмсауға құлшыныс танытады. Бұл экономиканың өсуіне көмектеседі, бірақ сұраныс тым жоғары болса, инфляция қайтадан жеделдеуі мүмкін. Толығырақ мына сілтеме арқылы оқи аласыз.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *