Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Кройфтың жолын қумады: атақты футболшының немересі басқа құраманы таңдады

"Барселона" мен Нидерланд құрамасының аңыз ойыншысы Йохан Кройфтың немересі, футболшы Шае Кройфф-Бине АҚШ-тың жасөспірімдер құрамасына (U-18) шақырту алды, деп хабарлайды Tengri Sport Америка футбол федерациясы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Испаниялық "Химнастиктің" 17 жастағы жартылай қорғаушысы атақты атасының жолын қумай, халықаралық жарыстарда АҚШ намысын қорғауды жөн көрді.
Оның бірден үш елдің: АҚШ, Нидерланд және Испания құрамаларының бірін таңдау мүмкіндігі болған еді.

"Испан, голланд және америкалық азаматтығының арқасында үш елдің атынан өнер көрсетуге құқығы бар кіші Кройф, кем дегенде қазір әкесінің елін таңдаған сияқты. Ол АҚШ құрамасының Португалиядағы оқу-жаттығу жиынына қосылады, онда Бен Кросстың командасы Португалия және Норвегия құрамаларына қарсы ойнайды. Бұл оның АҚШ ұлттық құрамасы сапындағы алғашқы қадамы. Әзірге Нидерланд немесе Испания тарапынан жас ойыншыны өз құрамаларына тартуға ниет білдіргені туралы ақпарат түскен жоқ", - деп жазады AS.

Айта кетейік, Шаенің әкесі Тодд Бин де кезінде футбол ойнаған, ал анасы Шанталь Кройф - атақты ойыншы әрі жаттықтырушының қызы.
Ал Шае Испанияда дүниеге келген, алдымен "Атлетико Хесус" академиясында жаттығып, кейін "Химнастикке" ауысты.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Ballerz Scout (@ballerzscout) жарияланымы


Йохан Кройф деген кім?
Нидерландтық футболшы Йохан Кройф тарихындағы ең үздік ойыншылардың бірі саналады. Ол мансабында үш мәрте "Алтын допты" иеленіп, 1971-1973 жылдар аралығында Еуропа чемпиондары кубогінде үстемдік құрған Михелстің аңызға айналған "Аяксының" белді мүшесі болды.
Кейін голландиялық маман "Барселонаға" ауысып, команданың Испания чемпионы атануына септігін тигізді. Ал ойыншы мансабын аяқтаған соң футбол тарихындағы ең танымал командалардың бірін құрды - Испания чемпионатындағы қатарынан төрт жеңіс, Еуропа чемпиондары кубогіндегі алғашқы титул және бүкіл әлем сүйсіне тамашалаған "тотальді футбол" осы кісінің есімімен байланысты.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Johan Cruyff (@johancruyff) жарияланымы


Кройфтың жетекшілігімен каталониялықтар сапында Хосеп Гвардиола ойнаған, ол кейін жаттықтырушының тактикасын өз жұмысында пайдаланды. Йоханның әсері Қазақстанға да жетті - ұлттық құраманың қазіргі бапкері Джон Ван ’т Скип "Аякста" оның жетекшілішімен жұмыс істеген.
Еуроны жеңіп, “Аякста“ жұмыс істеген: Қазақстан құрамасының жаңа бапкері туралы не белгілі?

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *