Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Өскемендегі даулы видеодан кейін отбасындағы жағдай комиссияда қаралады

Өскеменде ер адам 12 жастағы қызын ернінен сүйгені түсірілген видеоға қатысты тексеріс аяқталды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ресми мәліметке сәйкес, жиналған материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі қалалық комиссияның қарауына жолданды.

"Бұл дерек полицияда тіркелді. Тексеріс қорытындысы бойынша жиналған материалдар Өскемен қалалық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияқарауына жіберілді", - деп хабарлады мекеме.

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі де жағдайға қатысты пікір білдірді. Олар сала мамандары оқиғаның мән-жайын зерттеп, отбасына қажетті қолдау көрсеткенін атап өтті.

"Бала сабаққа қатысып жүр, оның мүдделері мен психологиялық амандығы басты назарда", - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мән-жайы
Еске сала кетейік, бұған дейін 12 жастағы қызды туған күнімен құттықтау сәті түсірілген видео әлеуметтік желілерде үлкен резонанс тудырды. Бейнежазбада ер адам қызын үйінде мерекелік тортпен қарсы алып, құттықтап, оны бірнеше секунд бойы ернінен сүйеді.
Бұл видео Threads желісінде наразылық пен жағымсыз пікірлер толқынын тудырды. Көптеген қолданушы әкенің мұндай әрекетін орынсыз деп санап, жағдайды тексеруді талап етті.
Полиция аталған дерек тіркеліп, тергеуге білім басқармасы мен жергілікті атқарушы орган қызметкерлері тартылғанын хабарлаған болатын.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде тағы бір видео үлкен резонанс тудырды, бейнежазбада үлкен қыз көлікте отырып, баланы ернінен сүйеді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *