Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

550 теңгеге той өткізу ме? Қазақстан азаматтары жаппай TikTok-та тойға “барып“ жүр

Қазақстанда үйлену тойының ерекше форматы танымал болып келеді: мейрамхана мен жүздеген қонақтың орнына - TikTok-тағы тікелей эфир. Жаңа трендтің егжей-тегжейін Tengri Life баяндайды.
"Жас жұбайларға құтты болсын дейміз": бұл қандай тренд?Қазақстан азаматтары TikTok тікелей эфирінде виртуалды той ұйымдастырып жатыр. Мейрамхананың орнына - стрим, шынайы қонақтардың орнына - жас жұбайларды пікірлер бөлімінде құттықтап, ақылы сыйлық жіберетін көрермендер. Мұндай эфирге кейде 1,5 мыңға дейін адам жиналады.
Скриншот: Threads
Трансляция виртуалды банкет залы, үйлену кортежі, би алаңы және сахнасы бар толыққанды салтанат ретінде безендірілген.
Скриншот: Threads
Көрермендер белгілі бір рөлге ие болу немесе әрекет жасау үшін пікір қалдырып, ақылы сыйлық жібереді, іс-шараға белсенді қатысады.
Экранда командалары бар арнайы мәзір көрсетіледі:

"Қонақ бол" (Қонақ болу / пікір қалдыру);
"Тілек айту" (Белгілі бір уақыт ішінде тілек айту);
"Би" / "Қара жорға" (Би алаңына шығу, би билеу);
"Төбелес" (тойға қатысты әзілдерде жиі айтылатын "төбелес" ұйымдастыру).
Кортеж: "Той" басталмас бұрын стримерлер виртуалды жарыс немесе үйлену кортежін имитациялайтын көлікпен жүруді іске қосады.

Скриншот: Threads
Пайдаланушылар пікірлерде оқиғаның шынайылығына әзілдеп, тойдың егжей-тегжейін талқылайды, виртуалды музыкаға билейді, "несиеге жасап жатқан жоқ па екен?" деген сияқты қалжың пікірлер қалдырады.
Онлайн-той қанша тұрады?
Жаңа трендке қазақстандық блогер Арман Оспанов назар аударды. Ол мұндай эфирде күйеу жігіт немесе қалыңдық рөлін алу шамамен 100 TikTok монетасы тұратынын есептеді. Оның есебінше, бұл бір адамға шаққанда шамамен 550 теңге.
Бұл ретте кез келген жұп виртуалды форматта той жасай алады - ол үшін мейрамхана жалдап, жүздеген адамды жеке шақырудың қажеті жоқ.
Блогер мұндай формат тойға жұмсалатын қомақты шығын мен салтанаттан кейінгі қарыздың алдын алуға мүмкіндік береді деп санайды.
Пікірлерде Қазақстан азаматтары дәстүрлі той атмосферасына толық ену үшін бешбармақ жеткізу қызметі мен сарқыт салынған пакеттер ғана жетіспейтінін айтып қалжыңдасты.
Бұған дейін Tengri Life неге қазақстандықтар дүркіретіп той жасаудан бас тарта бастағанын, жас жұбайлардың шешіміне қандай факторлар әсер ететінін зерттеген болатын. Психолог пен әлеуметтанушы той дәстүріне көзқарас қалай өзгергенін және кейбір жұптар неге ақшаны салтанатқа емес, саяхатқа, баспанаға және ортақ болашаққа жұмсауды жөн көретінін түсіндірді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *