Гүлзат Көбенова ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылды
Үкімет қаулысымен Гүлзат Ізбасарқызы Көбенова ғылым және жоғары білім вице-министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол бұл лауазымға 2025 жылғы жазда тағайындалған болатын.
Гүлзат Көбенованың өмірбаяны
Ол 1978 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің тарих кафедрасының оқытушысы болып бастады.2002–2009 жылдары Ақтөбе мемлекеттік университетінде және Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтында басшылық лауазымдарды атқарды.2009–2010 жылдары Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің сарапшысы, ақпарат басқармасының бастығы лауазымдарында болды.2010–2018 жылдары Білім және ғылым министрлігінде әртүрлі басшылық лауазымда жұмыс істеді.2018–2019 жылдары – Тұңғыш Президент кітапханасы директорының орынбасары.2019 жылдың қаңтарынан қыркүйегіне дейін Президент кеңсесінің сектор меңгерушісі және инспекторы қызметтерін атқарды.2019 жылдың қыркүйегінен 2020 жылдың қаңтарына дейін – БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы. 2020–2022 жылдары – БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы. 2022–2023 жылдары – Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы. 2023–2025 жылдары Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.