Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Трамп диалогті қайта жандандыруға тырысып жатқан тұста Ким Чен Ын ядролық әлеуетті арттыруға уәде берді

Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын ядролық компоненттер шығаратын кәсіпорындарды аралап, ядролық қару көлемін арттыруға шақырды. Ол АҚШ президенті Дональд Трамптың Азияға жасаған сапары кезіндегі кездесу туралы ұсынысын ескерусіз қалдырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Politico сайтына сілтеме жасап.
Ким Чен Ын елдің ядролық әлеуетін нығайту "бұлтартпас шындыққа" айналғанын мәлімдеді.

"Біздің ядролық қаруға ие болуымыздың шынайылығы мен маңыздылығы, сондай-ақ ядролық әлеуетімізді сапалық әрі сандық тұрғыдан арттыру үрдісі - бұл қайталанбайтын шындық", - деді ол.

Ким ядролық материалдар өндіретін екі зауытты тексерді: оның бірі жақында іске қосылса, екіншісі кеңейту сатысында тұр.
Жарияланған суреттерде ол әскерилермен бірге центрифугалар болуы мүмкін қатарлардың жанынан өтіп, оқтұмсықтарға ұқсас нысандар қойылған залдарды аралап жүр; кадрлардың бір бөлігі бұлыңғырланған. Сондай-ақ Ким атом энергетикасына арналған жабдықтар шығаратын база мен ғылыми-зерттеу институтында болды.
Солтүстік Кореяның KCNA басылымының хабарлауынша, Ким әлеуетті арттыруды түбектегі "тұрақсыз ядролық қауіп-қатерлермен" байланыстырды және АҚШ-ты одақтастарын атомдық сүңгуір қайықтарға ие болуға итермелеп отыр және ядролық қарумен бөлісуге ниетті деп айыптады.
Ол "ең қауіпті жау мемлекетпен" (Оңтүстік Кореяны меңзеп отыр) көршілес болудың "бұлтартпас шындығына" сүйене отырып, соғыс мақсатында қолданылатын шағын қуатты ядролық құралдарды әзірлеуді жеделдетуге шақырды.
Өткен аптада Трамп Қытайда өткен АТЭС саммиті аясында Пхеньянмен диалогты қайта бастауға ниетті екенін мәлімдеді, бірақ кездесу өтпеді - КХДР тарапынан ресми жауап болған жоқ.
Трамп Ким Чен Ынмен хат алмасуды қайта бастауға дайын екенін айтты, бірақ "соңғы уақытта" хат алыспағандарын мойындады.
Ким бұған дейін келіссөздерге оралу шарты ретінде АҚШ-тың "қас ниетті саясаттан" бас тартуын және КХДР-ды ядролық держава ретінде тануын талап еткен болатын.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *