Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

SpaceX ғарышта миллионға жуық спутник орналастыра алады: Маск рұқсат алды

АҚШ-тың Федералдық байланыс комиссиясы Илон Масктің SpaceX компаниясына зымыран ұшыруға рұқсат берді. Агенттік сәрсенбі күні деректерді өңдеу орталықтарын құру үшін ғарышқа миллион спутниктен тұратын топтаманы орналастыруды жоспарлап отырғанын хабарлады, деп жазады Tengri Life Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
АҚШ-тың Федералдық байланыс комиссиясы (FCC) SpaceX компаниясының жасанды интеллект үшін деректердің ауқымды көлемін өңдеуге арналған Starmind спутниктік топтамасын құру туралы өтінімін мақұлдады. Бұған дейін компания орбитаға миллионға дейін есептеу модульдерін орналастыруға рұқсат сұраған болатын.
Лицензия шарттарына сәйкес, SpaceX орналастыруды 2033 жылдың қарашасынан кешіктірмей бастауы тиіс. 2035 жылдың қарашасына дейін мәлімделген ең жоғары мөлшердің кемінде 10 пайызын (100 мың) шығарып, 2038 жылдың қарашасына қарай бұл көрсеткішті 50 пайызға жеткізуі керек, деп хабарлады FCC.
Комиссия бұл мақұлдау SpaceX-ке "Американың ғарыш саласы мен жасанды интеллект саласындағы көшбасшылығын нығайтатын жаңа технологияларды әзірлеуде ізашар болуға" мүмкіндік беретінін атап өтті.
SpaceX-тің пайымдауынша, орбиталық модульдер тұрақты күн энергиясының арқасында жер үстіндегі дата-орталықтармен салыстырғанда шығындар мен қуат тұтынуды азайтады.

"Пайдалану және техникалық шығындары аз, іс жүзінде тұрақты күн энергиясын тікелей пайдаланудың арқасында бұл спутниктер құн мен энергия тиімділігін айтарлықтай төмендетеді, сондай-ақ жер үстіндегі деректерді өңдеу орталықтарына қатысты қоршаған ортаға әсерді едәуір азайтады", - деп мәлімдеді SpaceX компаниясы Федералдық байланыс комиссиясына (FCC).

Дегенмен, SpaceX-тің орбитаға нақты 1 миллионға дейін спутник шығаруды жоспарлап отырғаны әзірге белгісіз: қазіргі уақытта орбитада 17 000-ға жуық аппарат бар. Операторлар икемділік үшін жиі артық квоталар сұрап жатады. Бұған дейін SpaceX 42 000 Starlink спутнигіне сұраныс берген болса, бүгінде желіде 11 000-нан сәл ғана асатын аппарат бар.
Сыншылар, соның ішінде бәсекелестер де, бастаманың ауқымы мен мерзіміне күмәнмен қарап, жобаның сәттілігі көп мәрте қолданылатын Starship зымыранын ұшыру құнының төмендеуіне тікелей байланысты екенін алға тартады.
FCC SpaceX-тің оптикалық желіні резервтеу туралы өтініштерін мақұлдап, қосымша байланыс құралдарын бекітті.
Бұған дейін Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Қазақстанның ғарыш саласын дамытуға және басым бөлігін Илон Масктің SpaceX компаниясы иеленетін спутниктерді ұшыру нарығына шығуға ниетті екенін мәлімдеген болатын.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *