Жекешелендіруден түскен қаржы толықтай Ұлттық қорға құйылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде жүргізіліп жатқан мемлекеттік нысандарды жекешелендіруден түскен қаржы толықтай Ұлттық қорға салынады. Бұл туралы бүгін халықпен есептік кездесу өткізген ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жекешелендіруден алынған кіріс бюджетке емес Ұлттық қорға түсетін болады. Бұл Ұлттық қорды толықтырудың тағы бір көзі», - деді ол кездесу барысында қойылған сұраққа жауап бере келе.