Елдің басым аймағында құбылмалы күн райы сақталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 13 шілде күні Қазақстанның басым аймағында құбылмалы күн райы сақталады, найзағаймен бірге жаңбыр күтіледі, бұршақ болуы мүмкін, кей жерлерде жел күшейіп, солтүс аймақтарда түнде және таңертең тұман болады, қиыр оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі. Жауын-шашынсыз ауа райы республиканың батысында ғана болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.