«Алматы - Астана - Қазан» теміржол қатынасын ашу ұсынылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Татарлар және башқұрттар конгресі «Алматы - Астана - Қазан» жаңа теміржол қатынасын ашуды ұсынды. Бастама жайлы Татарстан президенті Рустам Минниханов пен Қостанай облысының әкімі Архимед Мухамбетовтің кездесуі барысында белгілі болды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.