Швеция елшісі Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын аяқтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Швеция Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Христиан Камиллге оның дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты «Қазақстан Республикасының құрмет грамотасы» мемлекеттік наградасын табыстады.