Үкімет 65 ірі компания мен ұлттық холдингті жеке секторға беру үшін сатуға шығаратын болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкімет жекешелендіру науқаны аясында республикалық меншіктегі 65 ірі компания мен ұлттық холдингті сатуға шығаратын болады. Осыған қатысты нысандардың тізімі ертең Үкімет отырысында бекітілмек. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысының бес институттық реформасы аясындағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша заңнамалық жаңалықтар мен ережелерді түсіндіру жөніндегі семинарда ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.