Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer


Декабрь
2015

Новости за 28.12.2015

Казинформ 

Жыл қорытындысы: БҚО-да мәдениет саласына 4,9 млрд. теңге бөлініп, айтулы істер атқарылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Жаңа, 2016 жылға санаулы күндер қалды. Өтіп бара жатқан 2015 жылы Батыс Қазақстанда мәдениет саласында да айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Осыған орай ҚазАқпарат тілшісі БҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Дәулеткерей Құсайыновпен тілдескен еді.

Казинформ 

Өскеменде 25 жастағы бойжеткен полиция қызметкерін көлігімен басып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскеменде «Ниссан Мурано» көлігін басқарып келе жатқан 25 жастағы бойжеткен ШҚО ІІД криминалдық полиция бөлімшесінің 30 жастағы қызметкерін көлігімен қағып кетті. Жедел жәрдем келгенше ер адам жан тапсырып үлгерді, деп жазады YK-avto.kz.

Читать дальше...

Казинформ 

96 жастағы әжей өзінен бес жас кіші «жігітке» тұрмысқа шықпақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда 96 жастағы әжей өзінің 91 жастағы ғашығының үйлену туралы ұсынысын қабыл алды. Олар үйлену тойын 2016 жылдың 16 қаңтар күні тойлауды ұйғарып отыр, деп жазады шетелдік БАҚ.  

Казинформ 

БҚО-да «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы қорытындыланып, үздіктер марапатталды (ФОТО)

ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Оралда 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қорытындыланып, медицина саласындағы жыл үздіктері марапатталды.

Казинформ 

Әлем чемпионы Елдос Сметов шаңырақ көтерді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы дзюдодан Астанада өткен әлем чемпионатында Қазақстанның Туын биікке көтеріп, Әнұранын шарықтатқан отандасымыз  Елдос Сметов шаңырақ көтерді. Бұл туралы дзюдо федерациясының ресми сайты хабарлап, құттықтады.

Казинформ 

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: «Мәңгілік ел» қойылымы, айтыс ЮНЕСКО тізімінде, «Орда»-ның «Turkvizyon»-дегі олжасы (ФОТО, ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кез келген дүниеге өте сезімталдықпен қарайтын француз елінің мемлекет қайраткері әрі жазушысы Эдуар Эррио «жапон педагогтарының бірі айтқандай, өзге дүниелердің бәрі ұмытылса да ұмыт қалмайтын бір құбылыс - ол мәдениет» деген екен. 2015 жылды Қазақстан ұмытылмайтын қандай мәдени жаңалықтармен қорытындылап отыр? «ҚазАқпарат» агенттігінің келесі шолуы осы салаға арналады.

Bilim-all 

Астана

Астана қандай тамаша, Көз тоймайды қараса. Қандай керемет тамаша, Менде бар ғой бас қала.

Bilim-all 

Баланы оқуға қалай ынталандыруға болады?

Барлық ата-ана балаларының дені сау, ақылды болып өскенін қалайды. Бірақ бұған орасан зор күш салатындар кемде кем. Кейде күш салғанымен, балалардың сабақ оқуға ынтасы бәрібір болмай жатады. Әсіресе, мектеп жасына дейінгі балалар – оларға бес немесе екі қойып бере алмайсың.

Bilim-all 

ЖОО-нын неге негізделіп таңдау керек?

Қай жаққа барып оқу? Бұл сұраққа көптеген түлек бас қатырады. Бұл мақалада біз оқушылар ЖОО таңдау кезінде немен ынталана аланатынын анықтап көрдік. Сонымен, сіз ЖОО таңдауға бекіндіңіз. Жаныңызға не жақын және нені ынтамен оқитыныңызды білу үшін мына сұрақтарға жауап беріп көріңіз:

Bilim-all 

Ауаның ластануын қалайша пайдалы етуге болады?

Адамзат экологиялық мәселелердің ауқымын жақсы түсінеді және оның зардабын жеңілдету үшін барынша күш салып жатыр – бірақ ауаныңкөмірқышқыл газымен ластану ауқымын төмендету қиын болып барады. Алайда бұл бағытты түрлендіруге мүмкіндік бар: америкалық ғалымдар отын жағудан бөлінетін көмірқышқыл газын атмосферадан шығарып, отынды қайта жасауға көмектесетін технологиялық жобасын ұсынды. Бұл жүйе қалай жұмыс істейтінін Science журналы жазған екен.

Казинформ 

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: 2015 жылғы Президент сайлауы теңдессіз нәтижесімен тарихта қалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өтіп бара жатқан Қой жылында Тәуелсіз Қазақстанның саяси өмірі де ерекше оқиғаларға толы болды. Солардың ішінде 2015 жылғы сәуір айының 26-ында өткен ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына айрықша тоқталуды жөн санадық. Өйткені, сайлаудан басталған әңгімелер кейіннен Елбасының тұғырнамалық жоспарына айналып, одан кейінгі күні бес институттық реформа ретінде заңнамалық бекіп, енді міне, жаңа 2016 жылдың қаңтарынан осының барлығы дерлік нақты іс жүзіне асырылатыны күтіліп отыр. Читать дальше...

Bilim-all 

Мұғалім және бала

- Неге ұрма деп айтпайсың? Ағай, ұрмаңыз, ұруға қақыңыз жоқ деп айтсайшы. Қаланың балдары болса ғой, сазарып тұрып алар еді, "ағай, ұрмаңыз, ұруға қақыңыз жоқ" деп. Сендердің осы мінездерің жақсы.

Казинформ 

Алматы облыстық сотында жаңа алқа төрағасы таныстырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облыстық сотында Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы Жарлығымен Алматы облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы болып тағайындалған Қ. Досымбет облыстың судьялар қауымдастығына таныстырылды.

Казинформ 

«Діндер терроризмге қарсы» халықаралық конференцияға әзірлік басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Діндер терроризмге қарсы» халықаралық конференциясына әзірлік және оны өткізу жөніндегі жұмыс кеңесін өткізді. Шара 2016 жылғы 31 мамырда Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XV кеңесі қарсаңында болады. 

Казинформ 

Қазақстанда Достық үйлерінің құрылысы аяқталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) жылының аясында Достық үйлерінің құрылысы аяқталды. Бұл туралы ОКҚ-де өткен баспасөз конференциясының барысында ҚХА төрағасының орынбасары - хатшылықтың меңгерушісі Ералы Тоғжанов хабарлады.

Казинформ 

Батысқазақстандық университеттің қос бірдей ғалымы үздік оқытушы атанды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің қос бірдей оқытушысы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі, кәсіптік практика және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімінің басшысы Бейбіт Нәсиев пен ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, доцент, агрономия факультетінің деканы Диамара Төлегенова ҚР Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған дәстүрлі «ЖОО үздік оқытушысы» республикалық байқауының жеңімпазы атанды. Читать дальше...

Казинформ 

Белгілі қазақстандық тенор Ержан Нұрғалиев Карелия Республикасында екі концерт береді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ресейдің Петрозаводск қаласындағы Карель мемлекеттік филармониясында белгілі қазақстандық тенор, «неоклассика» жанрының өкілі Ержан Нұрғалиев жеке концертін өткізбек. Бұл туралы әртістің өкілі хабарлады.

Казинформ 

Қазақстанның төрт аймағында жол нысандары пайдалануға берілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірқатар облыстарда автомобиль жолдары, шекара өткелдері мен көпірлердің күрделі жөнделуі аяқталды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.

Казинформ 

Жыл қорытындысы: БҚО-да өнеркәсіп өнімінің жылдық көлемі 1263,4 млрд. теңге көлемінде болмақ

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында алдын ала мәліметтерге қарағанда, биылғы өнеркәсіп өнімінің көлемі 1263,4 млрд. теңге көлемінде болады деп болжануда.




Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *