АСТАНА. ҚазАқпарат - Кашмирдің үндістандық бөлігінде содырлар Сринагар қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Барамулла қаласындағы әскери базаға шабуыл жасады.
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Сочи-Алматы рейсі 5 сағат 20 минутқа кешікті, деп хабарлады SCAT әуе компаниясының баспасөз қызметінен.
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иран мұнай экспортын тәулігіне 150 мың баррельге дейін арттыруға ниетті. Бұл туралы Иран ұлттық мұнай компаниясының халықаралық қатынастар бойынша атқарушы директоры Сейед Мохсен Гамсари хабарлады, деп жазды Gazeta.ru Mehr агенттігіне сілтеме жасап.
АСТАНА. ҚазАқпарат - Күні кеше Колумбиядағы ел-жұрттың есін шығарған «Мэтью» дауылы енді Ямайка, Гаити және Куба жағалауларына жақындап келеді.
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кезекті Нобель апталығы 3 қазанда Швецияның астанасында физиология және медицина саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттарының есімін жариялаудан басталады. Жақын арада өзге аталымдардағы сыйлық иегерлері белгілі болады. Осылайша, 4 қазанда физика саласы бойынша, 5 қазанда химия саласы бойынша Нобель комитетінің шешімі белгілі болмақ. 7 қазанда Ослода бейбітшілік сыйлығының лауреаты жарияланады, деп хабарлады ТАСС.
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда тұрғыны, блогер Виталий Перов бір жыл бұрын көне Бозоқ қалашығын видеоға түсірген. Бұл видеоматериалды National Geographic Ресей журналы жариялады.
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Зенит» және Черногория құрамасының форварды Лука Джорджевич жарақатына байланысты Қазақстан мен Дания құрамаларының 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турниріндегі матчтарына қатыса алмайды. Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2016 жылғы 3 қазанға арналған күнтізбесін ұсынады.
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістан жексенбіде ресми түрде Климат жөніндегі Париж келісімін ратификациялады. Үндістан келісімді қолдаған соң құжатты мақұлдаған парник газ шығарындыларына жауапты елдер үлесі 52%-ға жетті. Келісім бұл үлес 55%-ға жеткенде күшіне енеді. Алдағы аптада оны Еуроодақ мақұлдауы мүмкін, деп хабарлайды newsru.com.
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың 3 қазанында Ресей Президенті Владимир Путин Орынблор облысына барады.
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» велокомандасы таяу арада Caja Rural - Seguros RGA командасының мүшесі, испандық велошабандоз Пейо Бильбаомен келісімшартқа қол қойылғанын жария етеді. Бұл туралы astanafans.com сайты хабарлады.
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда Ұлттық мерекенің алғашқы күнінде күре жолдардағы көліктер ағыны рекордтық деңгейге жетті. Бұл 1-7 қазан аралығындағы бір апталық демалысқа қатысты, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.
АСТАНА. ҚазАқпарат - Португалиядан Анголоға бет алған Angola Airlines жолаушылар ұшағы жүкшінің жоғалып кеткендігі туралы ақпараттан кейін Лиссабонға шұғыл қонды, деп хабарлайды «РИА Новости» агенттігі.