Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer


Октябрь
2016

Новости за 05.10.2016

Казинформ 

6 қазанда солтүстік өңірлерде жауын жауып, бірнеше облыста жел күшейеді


АСТАНА. ҚазАқпарат - 6 қазанда республикамыздың солтүстігінде, солтүстік-батысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі, ал қалған бөліктерінде жауын-шашынсыз ауа-райы болады. Кей жерлерде тұман, жел 15-20 м/с шаңды дауыл соғады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Казинформ 

Елордада Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының күндері өтеді


АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы демалыста Астанада Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының ауыл шаруашылық тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынады. Елордалықтар өңірлердің мәдениетімен етене танысады, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты.

Казинформ 

Тараздағы мерекеде 110 домбырашы Құрманғазының күйін шертеді


ТАРАЗ. КАЗИНФОРМ - Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орайы бүгін «Көне Тараз» мәдени- тарихи орталығында «Тәуелсіздік-тұғырым, Қазақ хандығы- ғұмырым» атты мәдени-көпшілік іс-шарасы өтеді.

Казинформ 

Apple қайтадан әлемнің ең қымбат брендіне айналды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Apple брендінің құны iPhone смартфонының сатылуы төмендегеніне қарамастан 5%-ға артты. Рейтинг жасаған Interbrand компания логотипін 178 млрд долларға бағалады, оны өкшелеп келе жатқан Google құны 11%-ға артып 133,25 млрд доллар болды. Apple брендінің қымбаттауы 2003 жылдан басталды. Сол кезде оның құны $5,2 млрд болатын.

Казинформ 

Оралда «Бөкей ордасындағы жер үшін күрес» атты кітап таныстырылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында батысқазақстандық ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты, «Үздік жас ғалым» аталымының иегері Саялбек Ғиззатовтың «Бөкей ордасындағы жер үшін күрес» атты кітабының таныстырылымы болды.

Казинформ 

ҚР мен РФ шекарасында жолаушылар пойыздары тексерілмейтін болды


АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы темiржол көлiгi кәсiпорындарының, мекемелерi мен ұйымдарының қызметiн құқықтық реттеудiң ерекшелiктерi туралы келiсiмге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға 4 қазанда қол қойылды, деп хабарлады primeminister.kz сайтынан.

Казинформ 

СҚО-да пайдаланусыз жатқан жерлер мемлекетке қайтарылды


АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президентінің Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарының барысында атап айтқан өзекті мәселелердің бірі - ауыл шаруашылығы алқаптарын тиімді пайдалану.

Казинформ 

Кабулда жарылыс болды


АСТАНА. ҚазАқпарат - Полиция Кабул аудандарының бірінде жарылыс  болғанын және құрбандардың болуы мүмкіндігін хабарлады, деп жазды Рейтер агенттігі.

Казинформ 

Қазақ әдебиетінің жаһандық жаршысына 15 жыл толды


АЛМАТЫ. ҚазАқпарат Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде әдебиетшілер мен ғалымдар, студент жастар «Абай» халықаралық клубы мен «Аманат» әдеби журналының 15 жылдығын және аталған әдеби клуб пен басылымның құрылтайшысы, жазушы Роллан Сейсембаевтың 70 жылдығын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Білім министрлігі ЖОО-ға ҰБТ тапсырмай түсу мүмкіндігін қарастырады


АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі Қазақстан жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшановтың ЖОО-ларға қатысты ұсыныстарын қарастыруға уәде етті.

Казинформ 

«Нұрлы жол» ел экономикасының қозғаушы күшіне айналды


АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде бас қосқан Министрлер кабинетінің мүшелері Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен ел экономикасы өсімінің және жұмыспен қамтудың негізгі қозғаушы күші саналатын «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысын тыңғылықты талқылады. Бағдарлама аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар жайында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев негізгі баяндама жасап, Үкімет басшысы... Читать дальше...

Казинформ 

10 қазаннан бастап, үлестік құрылыс талаптары күшейтілетін болды


АСТАНА. ҚазАқпарат - 10 қазанда Қазақстанда үлестік құрылыс саласын қатайтатын заң күшіне енеді. Бұл туралы Астана қалалық Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары Дәулет Досқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Казинформ 

Тоқаев британ парламентшілерімен кездесті


АСТАНА.  ҚазАқпарат - Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі Парламентінің Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі бүкілпартиялық топтың делегациясымен кездесті.

Казинформ 

Қазақстан өзін мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуге әзірге дайын емес - Энергетика министрлігі


АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан өзінің мұнай өңдеуші зауыттарын жаңғырту жұмыстарын аяқтамайынша, елді мұнай өнімдерімен қамтамасыз ете алмайды. Бұл туралы журналистермен болған баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Казинформ 

Бас прокурор «көкесі жоқ» 4 үміткерді жұмысқа алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Қазақ гуманитарлық заң университетінің студенттерімен кездескен ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов Ақтөбеге сапары барысында жұмысқа жаңадан қабылданатын 4 үміткермен жүздескендігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған ведомствоға сілтеме жасап.




Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *