Биыл ОҚО-да 562 инфрақұрылым нысан жөнделеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» бағдарламасының жұмыспен қамтуды, инфрақұрылымды және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы қарастыратын бірінші бағытын іске асыруға республикалық бюджеттен 9 млрд теңге бөлінді. Осы қаражат есебінен 562 инфрақұрылымдық нысанға жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.