Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer


Июль
2017

Новости за 13.07.2017

Казинформ 

Алматыда машина-бассейн көше аралап жүр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда адамдар пикаптың бортын бассейнге айналдырып алған. Қалалық полиция бүгін әлеуметтік желіде шыққан видеоны тексеріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Сәтпаев әкімдігінде жанжал шығарғандар тұтқындалды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Сәтпаев қалалық соты Сәтпаев әкімдігі ғимаратында жанжал ұйымдастырған екі адамды тұтқындауға қатысты шешім шығарды, олар жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау кезінде рұқсатсыз видеоға түсірген. Салдарынан әкімдік қызметкері түсік тастау қаупімен ауруханаға жеткізілген, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

«Жібек жолы - 2017» раллиі: Артур Ардавичустың көлігі өртеніп кете жаздады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жібек жолы  - 2017»  Халықаралық ралли жарысының бесінші кезеңі аяқтады. «Астана - Семей» учаскесін еңсерген автошабандоздар біраз қиыншылықтарға тап болды. Жүк көліктері санатындағы «Astana Motosport» экипажы да әуреге түсті. Акселератордың педалі істемей қалып, доңғалағын өрт шалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Кентауда көппәтерлі 2 тұрғын үй салынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысындағы Кентау қаласында 5 қабатты екі тұрғын үйдің монтаждау жұмыстары басталды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Казинформ 

Қазақстан өнімдері Грузия нарығына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы Тбилисиде  қазақстандық 19 өндірушінің өнімдерімен таныстыру мақсатында бизнес-форум өткізді. Форумның нәтижесінде бірқатар экспорттық келісімшарттарға қол қою жоспарлануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Әсет Исекешев ШЫҰ елдері қалаларының Мэрлер кеңесін құруды ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің Мэрлер кеңесін құру қажет. Мұндай ұсынысты бүгін ТМД-ның астаналары мен ірі қалаларының халықаралық ассамблеясының 25-ші сессиясы барысында елорда әкімі Әсет Исекешев жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Астананың жаңа аквапаркі қандай болмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда әкімдігі ТМД-ның астаналары мен ірі қалаларының халықаралық ассамблеясының 25-ші сессиясы аясында қалада салынатын жаңа аквапарк пен сауда, ойын-сауық орталығының жобасын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Тур де Франс: «Астана» командасының екі өкілі ауруханаға түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» командасының екі шабандозы Дарио Катальдо мен Якоб Фульсанг «Тур де Франстың» 11-інші кезеңінде үйіндіге соғылып қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Казинформ 

Қазақстанда күн энергиясынан алынатын қуаттың құны арзандайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда жаңаратын энергия көздерін дамытуға әлемнің ірі компаниялары тартылады. Бұл туралы бүгін Астанада энергетика мәселелеріне арналған конференцияда ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Мәсімов шпиондардың Қазақстанның құпияларын ұрламақ болғаны туралы жазды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовтің «Егемен Қазақстан» газетінде комитеттің 25 жылдығына арналған мақаласы жарияланды. Онда отандық ұлт­тық қауіп­сіздік органдарының ширек ғасырдағы жеткен жетістіктері баяндалған.

Казинформ 

Эстония Президенті ҚР-мен Еуроодақ аясындағы бірлескен жұмыстарды кеңейту ниетін қуаттады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 11 шілде күні Таллинде Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасы мен Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарып отырған Мұрат Нұртілеуов Эстония Президенті Керсти Кальюлайдқа сенім грамотасын тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Павлодарда Ертіс өзенінен төрт бала құтқарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодардағы Ертіс өзеніне суға кете жаздаған төрт бала құтқарылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Казинформ 

Шағын футбол ардагерлері ШҚО Біріншілігінің шешуші ойындарын өткізуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында «EXPO-2017» халықаралық көрмесіне орайластырылған ардагерлер арасындағы шағын футбол ойындары өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Казинформ 

Исекешев жаңа технологияларды енгізудегі еңбегі үшін ТМД медалімен марапатталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ТМД-ның астаналары мен ірі қалаларының халықаралық ассамблеясының 25-ші сессиясы барысында елорда әкімі Әсет Исекешев «ТМД-ға 25 жыл» медалімен марапатталды. Мерейтойлық медальді  «ТМД-ның экономикалық дамуы іскерлік орталығы» коммерциялық емес серіктестігінің бас директоры Владимир Савченко табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Халыққа сыйлық жасауды Қазақстан Президентінен үйрену керек - Савченко

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халыққа сыйлық жасауды Қазақстан Президентінен үйрену керек. Мұндай пікірді бүгін ТМД-ның астаналары мен ірі қалаларының халықаралық ассамблеясының 25-ші сессиясы барысында «ТМД-ның экономикалық дамуы іскерлік орталығы» коммерциялық емес серіктестігінің бас директоры Владимир Савченко білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Ким Чен Ын зымыранды жасап шығарушыларға мемлекеттік наградалар табыстады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Корей халық демократиялық республикасында "Хвасон-14" құрлықаралық баллистикалық зымыранын сәтті сынақтан өткізу елдің стратегиялық ұстанымын түбегейлі өзгертті. Бұл туралы бейсенбі күні Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Чен Ын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ЦТАК ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Казинформ 

БҚО бюджетіне 75 млрд теңге түсті

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Биылғы бірінші жартыжылдықта өңір бюджетіне 75 млрд теңге түссе, соның 57,9 млрд теңгесі - кіріс, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Казинформ 

Тото Кутуньо бастаған «Сан Ремо» жұлдыздары - Астанада

АСТАНА. ҚазАқпарат - 19 шілде күні Астанадағы «Қазақстан» орталық концерт залында италиялық музыканың «Сан-Ремо жұлдыздары Астанада» атты концерті өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына сілтеме жасап.

Казинформ 

Соңғы 10 жыл ішінде ҰҚК террорлық сипаттағы 100 шақты акцияның алдын алды - Мәсімов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы 10 жыл ішінде ҰҚК террорлық сипаттағы 100 шақты зорлық-зомбылық акциясының алдын алды. «Егемен Қазақстан» газетіндегі мақаласында Қазақстан Республикасы ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов осылай жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Отанның берік қалқаны

АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 жыл бұрын, 1992 жылғы 13 шілдеде Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Тәуелсіз мемлекеттің дербес арнайы құрылымы - Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрылды, деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті.

Казинформ 

Қазақстандықтар бір айда жаңа көлік алуға 50,6 млрд теңге жұмсаған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанда с оңғы алты айдың ішінде дилерлер 20 876 мың жаңа көлікті сатты. Соның ішінде экспортқа шығарылған автокөліктер де бар. Жалпы, көлік салондарының табысы 180,7 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазақстанның автобизнес қауымдастығына сілтеме жасап. 




Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *