Ауыл шаруашылығын басқару бұрынғы қаржы вице-министріне жүктелді
44 жастағы Ербол Қарашөкеев ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары – министр міндетін атқарушы болып тағайындалды. Бұл туралы ақпарат 10 шілдеде үкімет сайтында жарияланды. Кейінгі үш айдан астам уақыт ауыл шаруашылығы министрі болған Сапархан Омаровты 10 шілдеде президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл елдің бірқатар аймағында қуаңшылықтан азық жетіспей, мал қырылғанына байланысты сөгіп, қызметінен алды. Ербол Қарашөкеев кейінгі үш айға жетер-жетпес уақыт қаржы министрінің орынбасары болып істеген. Читать дальше...