Асқар таудың басында арман қалған...
Қас-кірпігіне дейін қырау шалса да баяғы бір жиырма бесін ұмытпай, кәрілігін де жұртқа міндет қып, жөтелін де жөпшеңкіге қимайтын тәкаппар шалдай шарт жүгінген Ақбұлақтың көкшағыр биігі қақ төрде қақшиып отыр еді. Теріскей қолаттағы ескі жылдың құрттап кеткен сүр қары самайдың ағындай сағал-сағал жосып түсіп, етектегі қара қорымнан өте алмай қалыпты. Қорым астынан күңгірлеген су сылдырына құлағын салып тоқылдақ көк аяғын қорғана басып келеді, желіп келе жатып жол жиегін жалмап өтетін әдеті еді,