Талдықорғандағы қантөгіс. Әскерилер бейбіт адамдарды неге атты?
Қаңтардың алғашқы күндері Қазақстанның бірнеше қаласында сұйытылған газдың қымбаттауынан басталған наразылық Талдықорғанға да жеткен. Үкіметке талап қойып жиналған халықты орталық алаңға өткізбеу үшін полиция бар күшін салды. Қалқанды жасақ қойды, газбен де тұншықтырып көрді.